Әнші Luina екінші сәбиін күтіп жүр
Танымал қазақстандық әнші Луина екінші сәбиін күтіп жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әнші сүйінші жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, видео жариялады. Кадрларда өнер иесі алдымен “Рақмет” әнін орындап, артынан жүкті екенін көрсетеді. Сондай-ақ видеода оның жары мен ұлы көрінеді.
“+1”, – деп жазған ол жазбасында.
Өнер иесінің өнердегі әріптестері мен оқырмандары оны жарыса құттықтап, сәбиін аман-есен бауырына басуын тілеп жатыр.
“Өте қатты қуаныштымын, жылап отырмын”, “Сіз үшін қуаныштымын”, “Біз сені күтемін, біздің кішкентай балапан”, “Жүктілігіңіз жайлы әрі жеңіл өтсін, отбасыңызға бақыт тілеймін”, “Керемет”, – деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін Луинаға Қырғыз Республикасының мәдениет үздігі атағы берілгені хабарланған еді.
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады
Мектеп қызметкерлеріне 86 мың теңгеден астам көмек қарастырылған
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"
