Еңбек министрлігі атына туыстарының пәтері мен көлігі рәсімделген қазақстандықтарға ескерту жасады
Қазақстанда туыстарына тиесілі пәтерлер мен көліктер құжат жүзінде басқа адамның атына рәсімделсе, бұл отбасының әл-ауқатын бағалау кезінде ескеріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәлімдеді.
Министрлік мәліметінше, егер мүлік іс жүзінде туысына тиесілі болғанымен, құжат бойынша басқа адамның атына тіркелсе, ақпараттық жүйелер бұл деректерді автоматты түрде анықтайды.

Мұндай жағдайда өзге адамның мүлкі көмекке мұқтаж отбасының әл-ауқатын бағалауға және әлеуметтік көмек тағайындауға әсер етпеуі үшін мемлекеттік дерекқорлардағы мәліметтерді түзету қажет. Ол үшін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне немесе әкімдікке жүгінуге, сондай-ақ электрондық қызметтерді пайдалануға болады.
Вице-министр деректерді түзетуге мүмкіндік берілетінін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда жеке деректерін тексеруге келісім бермегендердің жәрдемақысы тоқтатылатыны туралы жазған едік.
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады