Зардап шеккендер бар: Таразда жолаушылар автобусы қарсы бағытқа өтіп кетіп 10 жеңіл көлікпен соқтығысты
Таразда №56 бағыт бойынша келе жатқан автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, 10 көлікпен соқтығысты. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрмет Мәжікенов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға кезінде 56 жастағы әйел жарақат алып, омыртқа сүйегінің сынуымен ауруханаға түскен.
“Бүгін сағат 10:45 шамасында Төле би көшесімен орталық бағытында келе жатқан №56 бағыттағы автобустың 33 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Қарсы жолаққа өтіп кеткен көлік 10 көлікпен машинамен соқтығысқан. Оқиға кезінде автобуста 10 жолаушы болған. 56 жастағы әйел ауруханаға бұғана сүйегінің сынуы диагнозымен түсті”, – деді Мәжікенов.
- Депутат көлік кептелісін азайту үшін Қазақстанның кейбір көшелерін ақылы етуді ұсынды
- Қоғамдық көлікте жол апатына түскендер сақтандыру төлемдерін қалай ала алады? Маман түсіндірді
Жүргізушіге қатысты жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тараз қалалық полиция басқармасы тергеу алды тексеру жүргізіп жатыр.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"