Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ажырастым, басым бос" деді": Актриса Жанель Серғазина әнші Еркеш Хасенмен қарым-қатынасы жайлы ашық айтты

Еркеш Хасен мен Жанель Серғазина
Фото: instagram.com/erkesh.khasen

Танымал актриса Жанель Серғазина “Мамский әңгімеге” берген сұхбатында алғаш рет әнші Еркеш Хасенмен өзін не байланыстыратынын ашық айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі әншімен отандық “Егіз лебіз” жобасында танысқан. Олар танысқан кезде Еркеш Хасен отбасылы ер адам болған.

“Біз жобаға қатысқан кезде тек жұмыс барысымен ғана араластық. Түсірілімдер қаңтарда басталды, наурызда аяқталды. Солай бәрі бітті”, – деді ол.

Актрисаның айтуынша, жобаның арқасында мықты команда жиналған. Олар бәрі жобадан шыққаннан кейін жақын араласып, жиі кездесіп жүрген. 

“Жобадан кейін өте мықты команда жиналды. Арамызда өсек, жамандау, жарысу деген мүлде болмады. Әлі күнге дейін араласамыз. Бұдан бөлек, концерттерде де жүздесіп жүрдік”, – деді Жанель Серғазина.

Жанель Серғазинаның сөзінше, осындай күндердің бірінде оның ажырасқаны туралы сыбысты естіген. 

“Араласып жүргенде Нараға қалжыңдап “Маған мына қыз ұнайды” деп мені айтатын, Нара да оған “Енді сенің басың бос, неге көрмеске” дейтін. Ал мен мұның бәрін қалжың ретінде қабылдадым. Оған тіпті “Братишка” деп те тиісетінмін, ол оған ашуланатын”, – деді ол.

Жанель Серғазина мен Еркеш Хасен 2024 жылғы шілдеде шаңырақ көтерген. 

“Араласа бастағаннна кейін сөйлесіп, ұнаттық. Ол көңілін білдірді. Ғашық болдық, сосын үйлендік”, – деді ол.

Жанель Серғазина оның Еркеш Хасенмен қарым-қатынасына қатысты шу биыл жыл басында басталғанын еске алды. Ол мұны, яғни өзгенің өміріне араласуды мәдениетсіздік деп санайтынын, өзі өсектегенді жек көретінін жеткізді.

“Мен де жылдар бойы жинаған абыройымды біреудің отбасын бұзып, бір күнде шашқым келмейді. Мен де кішкентай бала емеспін, алдын ала сөйлестім”, – деді ол.

Актриса ешкімнің көңілдесі болмағанын, басы бос адамға күйеуге шыққанын айтты. 

“Ол маған “Ажырастым, бос адаммын” деді. Мен де оның ажырасқанына нақты көз жеткіздім. Туыстарымен танысқан да олар да мұны растады. Мен көңілдес болған жоқпын, басы бос адаммен көңіл қостым”, – деді актриса. 

Мән-жайы

Еске салайық, биыл жыл басында әнші Еркеш Хасен некеде бола тұра белгілі актрисамен көңіл қосты деп айыпталғаны хабарланған еді. Желіде Сандуғаш Амантай есімді қолданушы өзін Еркеш Хасеннің бұрынғы жары Айгерімнің құрбысы ретінде таныстырып, пікір қалдырған. Оның айтуынша, әнші әйелімен ажыраспай жатып, актриса Жанель Серғазинамен көңіл қосқан.

Бұл ақпарат желі қолданушыларына жақпай қалды. Олар әнші мен актрисаны жобалардан алып тастауды сұрап, олар қатысқан іс-шараларды көруден бас тартқан еді. 

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 01 Маусым, 2026 12:15