AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Заңды баспанамызды берсін": Облыс тұрғындарына Шымкенттен үй алуға тыйым салынған

Шымкенттен пәтер аламыз деген 42 азамат мемлекеттік бағдарлама арқылы "Отбасы банкке" құжат өткізіп конкурстан өткен. Алайда облыс тұрғындарына қаладан тұрғын үй алуға тыйым салынған болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Облыс тұрғындарының мегаполистен үй алуына тыйым салынған. Бірақ әу баста мұндай ереженің болмағанын алға тартқандар заңды баспанамыз берілсін деп талап қойып отыр.

Ал әкімдік өкілдері өзге облыс тұрғындарына Шымкенттен пәтер беру заңға қайшы дейді. Салымшылар Шымкентте тұрмаса да, қала әкімдігінің табалдырығын тоздырып жүр.

Былтыр "Нұрлы жер" бағдарламасымен үй аламыз деп "Отбасы банкі" арқылы құжат өткізген. Банк қолдап, қыркүйек айында конкурстан өткен. Тіпті алатын үйлерін де көрсетіп, қай қабаттан екенін де таңдап үлгерген. Алайда тұрғын үй басқармасы Түркістан облысының тұрғындары үшін мемлекеттік бағдарламамен мегаполистен үй берілмейді деп кесіп айтқан.

“Бізге неге ертерек айтпайсыздар, мекенжай тіркеуіне тұрыңыздар деген кезде неғып айтпадыңыздар? Сол бойынша біз басқа конкурсқа қатысатын едік. Болмаса бұған ниеттенбей, дәмеленбей, өзіміздің басқа жолын жасар едік. Тап бізге мекенжай тіркеуі керек емес деді ғой басында, біздің де наразылығымыз сол болып тұр ғой. Біз осы "Нұрлы жер" бағдарламасы ешқандай тіркеуге қарамайды, сіздер қатыса аласыздар. Қазақстан азаматысыз, Түркістан облысының азаматысыздар, сіз осы бойынша үй ала аласыздар деп айтқан "Отбасы Банк”, – дейді Түлкібас ауданының тұрғыны Рауза Қайыпова.

“Отбасы банк” пәтер алуға кедергі жоқ десе, әкімдік берілмейді деп бір-біріне үнемі сілтейді екен. Салымшылар шағымданып келе берген соң наурыз айында әкім орынбасарының өзі жеке қабылдап, баспаналы боласыздар деп уәде берген сәтті телефонға да түсіріп алған. Бірақ басшылар тағы сөзінде тұрмады дейді.

“Енді жемежемге келгенде Әйтенов бізге үйді бермей отыр. Әйтеновтің берген үкімі ауданнан келгендерге пәтер берілмесін деп үкім шығарған. Арамызда мүгедектер, көпбалалылар, жартылай жетім бар.  Сол кезде "Отбасы банк" бізде тұрған ештеңе жоқ, біз сізге үйді беріп тұрмыз, ары қарай Әйтенов бермей отыр, Әйтеновке барыңыздар деді”, – дейді Сайрам ауданының тұрғыны Аяулы Қапанова.

Наразы топ әкім мен пәтер беріледі деген орынбасарын талап етіп әкімдікке кірген. Бірақ екеуі де шыққан жоқ. Есесіне шалғайда отыратын тұрғын үй басқармасының басшысы мен банк жетекшілері келді. Тұрғын үй басқармасы ереже бойынша өзге облыс тұрғындарына Шымкенттен пәтер берілмеуге тиіс дейді.

“Түркістан облысының қай ауданында тұрса да, Түркістан қаласынан ала алады. Ал енді жоқ, біз Шымкент қаласынан алғымыз келеді десе, Шымкент қаласының тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелуі керек. Үш жыл кезектен кейін ары қарай бүкіл бағдарламаға қатыса алады”, – дейді Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаева.

Банк басшылығы мемлекеттік бағдарлама шартын бұзғанымыз жоқ деп отыр. “Нұрлы жер” бағдарламасы арқылы конкурсқа қатысу үшін тұрғылықты мекенжай маңызды емес екен.

“Біз "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жұмыс істедік. Бұл бағдарлама арқылы конкурсқа қатысу үшін мекенжайы Шымкентте болуы шарт емес. Бірақ әкімдік тұрғын үй қатынастарының заңын келтіріп отыр ғой. Сондықтан біз несие береміз деп мақұлдағанымызбен, үйді әкімдік береді”, – дейді Жанат Өтебаева Дәурен Саудабаев.

Банк те, әкімдік те ереже жазылған хаттарды көрсетіп заңды жұмыс істеп жатырмыз дейді. Пәтер алу үшін бір заң рұқсат берсе, екіншісі оған кереғар келіп тұр. Ал шенеуніктермен дауласудан жалыққан жұрт енді сотқа жүгінеміз деп отыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр