Жамбыл облысында зорланып, жүкті болып қалған 15 жастағы оқушы босанды

Жамбыл облысында 14 жасында жүкті болған жасөспірім ана атанды. Алайда ақыл-есінде кемістігі бар қызды жыл бойы қорлап, топтасып зорлады деген күдіктілер әлі күнге бостандықта жүр дейді жеткіншектің жақындары. Жәбірленуші тарап қылмыстық іс бір жылға жуықтаса да, сотқа жетпеді деп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жүкті болған жасөспірімді жергілікті аурухана жыл бойы бақылауға алған. Бірақ босандыруға аудандық ауруханада мүмкіндік болмай, Таразға жіберіпті. Дәрігерлер қызға кесарь тілігін жасаған. Қазір бала мен ананың жағдайы қалыпты. Бірақ ақыл-есінде кемістігі бар қыз ана атанғанын жете түсінбейді екен.
“Анасының да, баласының да жағдайы, дендері сау. Енді тиісті ұйымдарға тапсырылады. Бұл өзінің тұрғылықты жеріндегі емханада арық қарай бақылау жүргізіледі. Ана мен балаға 1 ай көлемінде көмек көрсетілді”, – деді Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Гүлзада Әшірбаева.
Қызының қорланғанын айтқан ана немересін перзентханадан шығарды. Бірақ күдіктілер тайраңдап жүр дейді. Керісінше әйел қыспақ көріпті. Тіпті тергеушілер күдіктілердің ата-анасын ертіп келіп, кешірім беруін талап етті дейді.
“ Күдіктілердің орнына өзіңді апарып қамаймын деді. Резонанс тудырта берме деп “балаларыңды қайта балалар үйіне алып кетеміз” деп қорқытты. Содан кейін мен резонанс тудыртпадым. Ешқайда бармадым. Содан бері тергеу амалдары тоқтап тұр”, – деді Қордай ауданының тұрғыны Гүлшат Үркімбаева.
Полиция департаменті дүние есігін ашқан сәбидің әкесі болуы мүмкін деген жеті күдіктінің барын растады. Ал нақты шешім шығару үшін жәбірленушінің босанғанын күтіпті. Яғни ДНК сараптамасы арқылы анықтау үшін асықпадық деп ақталды.
“Аталған дерек бойынша Қордай аудандық полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір қажетті тергеу және процессуалдық іс-шаралар кешені жүзеге асырылып, дәлелдемелер жиналып зерделеніп жатыр. Тергеу органдарымен барлық мәлімет жан-жақты анықталады. Толық әрі объективті шешім қабылданады”, – деді Жамбыл облысы полиция департаментінің ресми өкілі Гүлсара Мұхтарқұлова.
Осылайша 1 жылға созылған тергеу ісі сотқа жететін болды. Бірақ әділдік іздеген ана әкесі деген адам тұтылып, өзге кінәлі адамдар құтылып кетпесе екен деп тілейді.
Еске салсақ, Жамбыл облысында 14 жастағы қыз зорланғаннан кейін жүкті болып қалғаны айтылды.
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді
Оқыңыз