Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы хайуанаттар бағында келуші әйел тордағы арыстанға тас лақтырған (видео)

Әйел мен арыстан
Фото: Видеодан скрин

Алматы хайуанаттар бағында келушілердің бірі арыстанға тас лақтырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Хайуанаттар бағының баспасөз қызметінің мәліметінше, келуші әйел Жұма есімді арыстанның назарын аударту мақсатында оған тас лақтырған.

"Келуші әйел жануардың назарын аударту мақсатында оған тас лақтырған. Мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін еске саламыз. Жануарларға кез келген зат лақтыруға, торлар мен қоршауларды соғуға, оларды әдейі мазақ ету немесе мазасын алуға қатаң түрде тыйым салынған", – делінген хабарламада. 

Хайуанаттар бағының әкімшілігі жануарлар ойын-сауық немесе тәжірибе жасау нысаны емес екені атап өтті. Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қоса алғанда, барлық материалдар мен арыз заң аясында қарау және тиісті шара қабылдау үшін полицияға жолданған.

"Барлық келушілерді біздің жануарларға құрметпен қарауға және келу ережелерін сақтауға шақырамыз. Жануарлардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты – біздің басымдығымыз", – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматы хайуанаттар бағында сирек жануарлар төлдегені туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 11 Маусым, 2026 22:18