Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

11 жастағы бала екі апта бойы орманда адасып жүріп, аман қалды

Қытайда жоғалған бала
Фото: Zhaoqing Public Security Bureau

Қытайдың Гуандун провинциясындағы Аньхуа ауылының маңында таңғаларлық оқиға болды. Таулы орманда жоғалып кеткен 11 жастағы бала екі апта бойы жалғыз өзі өмір үшін күресіп, аман қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бала 18 мамырда орманды аймақта жоғалып кеткен. Келесі күні-ақ билік өкілдері мен құтқарушылар ауқымды іздестіру жұмыстарын бастады. Арада 12 күн өткенде, орманда дәрілік шөп теріп жүрген жергілікті тұрғын кенет баланың киімдерін көріп қалып, бірден полицияға хабар берген. Аймаққа жедел түрде іздестіру тобы мен қызметтік иттер жіберіліп, көп ұзамай бала аман-есен табылды.

Дәрігерлердің айтуынша, жабайы табиғат аясында жалғыз қалған бала едәуір салмақ жоғалтқан және денесінің бірнеше жері сырылған. Соған қарамастан, оның денсаулығы жақсы. Бала осы уақыт бойы тек інжір ағашының жемістерін қорек етіп, жаңбыр суын ішіп жан сақтаған. Алғашқы медициналық көмектен кейін ол аман-есен ата-анасына табысталды.

Әлемде бұған қатысты қандай оқиға болған еді?

Дәл осы күндері Мексикада да адам өмірі үшін күрес сәтті аяқталды. Су астында шахтада қамалып қалған төрт жұмысшының үшіншісі аман табылды. Ол қараңғыда құтқарушылардың назарын қолындағы шамның жарығын жағып-өшіру арқылы аударған.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 11 Маусым, 2026 18:45