Шымкентте хиджаб киген қыз есірткі таратты деген күдікке ілінді (видео)
Шымкентте хиджаб киген қыз есірткі таратты деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шымкент полициясының мәліметінше, ұсталған сәтте бойжеткеннің сөмкесінен жалпы салмағы шамамен 2 келі болатын мефедрон салынған төрт пакет табылған. Сондай-ақ электронды таразылар мен есірткіні өлшеп, орауға арналған қаптама материалдары тәркіленген.

Осыдан кейін полицейлер күдіктінің жалға алынған пәтерінде тінту жүргізді. Пәтерден әрқайсысының салмағы шамамен 5 грамм болатын есірткі салынған тағы 32 орам табылған.
Қылмыстық іс қозғалды. Қыз уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске салсақ, бұған дейін Украинадағы call-орталықтар қазақстандықтарды есірткі тасымалдайтын жұмыстарға тартқаны туралы жазған едік.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн