"Бетіне жасыл дәрі жағып, зорлаған": Желіде шымкенттік "есірткі курьерлерін" қорлаған видео тарады

Видеодан скриншот
Желіде Шымкенттегі есірткі курьерлеріне түрлі қорлық жасап, ұрып-соққан, зорлаған видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
19 жастағы жігіт пен қызды ұрып-соғып, қорлайды, белгілі бір Артурдан бірнеше рет кешірім сұрауға мәжбүрлейді, бетіне жасыл дәрі жағады. Тіпті қызды шешінуге мәжбүрлеп, соны видеоға түсірген.
Шымкент полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, төрт күдіктіні қамауға алды. “Озбырлық” және “жыныстық зорлық-зомбылық көрсету” бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Қазір оқиғаның мән-жайын жан-жақты және объективті түрде анықтауға бағытталған бірқатар тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу аясында жәбірленушілердің заңсыз есірткі айналымына қатысуы мүмкін екендігі туралы ақпарат тексеріледі", – деп түсіндірді полиция департаменті.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"
