Германияда қаза тапқан қазақстандық экс-судья ісі: Күдікті күйеуі Мәскеудегі университетте әлі жұмыс істеп жүр

Ішкі істер министрлігі Германияда қаза тапқан экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты іс қалай жүріп жатқаны туралы пікір білдірді. Деректерге сай күдікті Александр Донцов Ресейде университетте әлі күнге дейін сабақ беріп жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, күдікті ретінде оның жұбайы Александр Донцов пен енесі Наталья Донцова қазір Ресей Федерациясында. Дегенмен Қазақстан барлық қажетті сұрауларды жолдап, Халықаралық арналар арқылы жұмыс жүргізіп жатыр екен.
“Ішкі істер министрлігі желісі бойынша тиісті сұраулар жолданды. ТМД елдері аумағында қылмысқа қарсы әрекет ету бюросы арқылы байланыс бар. Интерпол және Германияның құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жүргізілуде. Қазақстандық құзырлы органдар неміс әріптестерімен тұрақты жұмыс істеп отыр”, – деді ол.
Сондай-ақ ол жәбірленуші тараптың барлық уәждері тексерілгенін және сот күдіктілерге қатысты сырттай қамауға алу шарасын санкциялағанын атап өтті.
Вице-министрдің айтуынша, істі әрі қарай қарау Бас прокуратураның құзыретінде. Ал ол Ресей мен Германияның құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр.
Тергеу мәліметтері бойынша, күдікке ілінген тұлғалардың ісіне қатысты бірнеше маңызды дерек анықталған. Біріншіден, Александр Донцов оқиға болған түні интернеттен Германияның Қылмыстық кодексіндегі кісі өлтіру және қылмысты жасыру баптарын іздегені белгілі болған.
Екіншіден, күдіктінің анасы балабақшадан алып шыққан арбадан қан іздері бар киім табылған. Тергеушілер бұл киім марқұмға тиесілі болуы мүмкін екенін айтып отыр.
ОқыңызҮшіншіден, Донцовтың анасы мәйіт табылған Эрлахе көлі маңында байқалған. Кейін сол аумақта Александр Донцовтың ұялы телефоны сигналы да тіркелген. Сондай-ақ марқұмның жеке құжаттары күдіктінің туыстарына тиесілі пәтерден табылған.
Сонымен қатар, іс бойынша басты күдікті Александр Донцов Мәскеудегі Ұлттық зерттеу университеті “Жоғары экономика мектебінде” (НИУ ВШЭ) ғылыми қызметкер ретінде әлі де жұмыс істеп жатқаны хабарланды. Университет басшылығына ресми шағым жолданып, күдіктінің жұмыста қалуы студенттер мен қызметкерлерге қауіп төндіретіні айтылған.
Айта кетейік, 2024 жылдың маусым айында қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның денесі Германияның Бенсхайм қаласының маңынан табылған еді. Судьяның денесі табылғанға дейін оның Германияда із-түссіз жоғалып кеткенін хабарланған. Ол Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және енесімен бірге тұрған. 4 маусым күні таңертең Сайлыбаева қызын балабақшаға алып кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмеген.
16 маусым күні оның денесі қала шетіндегі Эрлаче карьерінен табылды. Мәйіт полиэтилен пакетте болған. Әйел өлтірілмес бұрын зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Кейін Сайлыбаеваның өлімін 35 тергеуші тексерді. Әйелдің үйіне тінту жүргізілді. Кейін оның енесі мен күйеуіне іздеу жарияланды.
2025 жылдың Айгүлдің туған ағасы Қанат Сайлыбаев күдіктілер Александр мен Наталья Донцовтардың Мәскеуде ұсталғанын хабарлады. Алайда кейінірек Қазақстанның бас прокуратурасы Ресей тарапы судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне күдіктілерді Қазақстанға бермейтінін мәлімдеді.
Ал жақында Сайлыбаеваның күйеуі Александр Донцов әйелінің өліміне кінәлі емес екенін айтқан.
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді