Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Жәбірленуші тарап адвокаттарынан бас тартқан

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына қатысты істе жәбірленуші тарап адвокат Олег Черновтың қызметінен бас тартты. Мұны адвокат Анна Чернова мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Адвокат енді жәбірленушінің мүддесін қорғамайтынын жазды.
“Біз бұл шешімді құрметтейміз және сеніміңіз үшін алғыс айтамыз. Іс бойынша жұмыс барысында біз қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын толық және жан-жақты тергеуі үшін барынша тырыстық. Сондықтан біз куәгерлерді шақырып, қиын сұрақтар қойдық және әрбірін егжей-тегжейлі тексеруді талап еттік”, – деді Анна Чернова.
Сөзінше, олар қызметі үшін ешқандай ақы алмаған. Сондай-ақ 12 маусымда сотталушы куәлік беретінін айтты.
“Біз Пактың онлайн емес, сотқа келіп куәлік беруін талап еттік. Бұл – сот процесінің негізгі кезеңдерінің бірі. Бізден бас тартудың нақты себептерін білмейміз. Дегенмен барлық жәбірленуші өтемақы алғанын, айыпталушымен татуласқанын және соттан оны бас бостандығынан айыру жазасына кеспеуді сұрағанын атап өтеміз”, – деді адвокат.
Айтуынша, қорғаушылар тараптар татуласса да, қоғам әділ және ашық сот ісін жүргізуге, ал сот барлық сұраққа жауап алуға құқылы.
Алайда олар сотты бақылап, желіде бұл туралы ақпарат беріп отыратындарын атап өтті.
ОқыңызЖол апаты туралы толығырақ
21 наурыз күні Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан үш адам қаза тапты.
Zeekr маркалы автокөліктің жүргізушісі батыс бағытта келе жатып қарсы жолаққа шығып, жолдағы қарсы бағыттағы Mercedes көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан 29 жастағы Mercedes жүргізушісі мен 20 және 23 жастағы екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Zeekr көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Айта кетейік, мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына Алматы полиция департаментінің жоғары лауазымды қызметкерінің қатысы болуы ықтимал деп санайды.
26 наурыз күні депутат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. Ол жариялаған видеода ер адам жарысқа полиция департаментінің бір бөлімше бастығының орынбасары өз қызметтік көлігімен қатысқанын айтқан.
Бейресми мәліметтерге сенсек, ішкі істер органдарының қызметкері, полиция департаменті басшысының орынбасары Ержан Ұзабаевтың қатысы болуы мүмкін. Алайда полиция бұл ақпаратты растамады, бірақ жоққа да шығармады.
Артынша, жол апатына байланысты полиция департаментінің бірнеше басшысы қызметінен босатылды.
Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Саденов хабарлады. Министр жол апатында қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев министрдің бұйрығымен Алматы қаласы полиция департаменті бастығының сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігін қадағалайтын орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылғанын мәлімдеді.
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді