Трамп Иранға "өте қуатты соққылар" жасайтынын және Харк аралын басып алатынын мәлімдеді

Дональд Трамп АҚШ Иранға жаңа соққылар жасайтынын және "жақын болашақта" Парсы шығанағындағы Иранға тиесілі Харк аралын басып алуға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Трамп өзінің Truth Social желісіндегі парақшасында хабарлады.
"Жақын болашақта біз Харк аралын және басқа да мұнай инфрақұрылымы нысандарын басып алып, олардың мұнай мен газ нарықтарына толық бақылау орнатамыз, дәл Венесуэлаға жасағанымыздай", – деп жазды Трамп.
АҚШ президенті "бүгін түнде" АҚШ Иранға "өте қуатты соққылар жасайтынын" ескертті. Трамп Иран әскерін, әуе күштерін, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін және радарларын жойылды деп атап, сондай-ақ Иранның әскери әлеуетінің басым бөлігі істен шығарылғанын мәлімдеді.
ОқыңызАйта кетейік, Харк аралы Иран жағалауынан шамамен 25–30 шақырым қашықтықта, Ормуз бұғазының солтүстік-батысында орналасқан. Бұл арал Иранның мұнай экономикасының негізгі орталықтарың бірі, ол арқылы елдің теңіз арқылы экспортталатын мұнайының шамамен 94%-ы өтеді.
Мұнай аралға ірі кен орындарынан құбырлар арқылы жеткізіледі, ал Харг инфрақұрылымы супертанкерлерді жүктеуге және 30 миллион баррельге дейін шикізатты сақтауға мүмкіндік береді.
Соққылардың қайта басталуына келіссөздердегі сәтсіздік пен Оман жағалауында америкалық Apache тікұшағының жойылуы себеп болған. Екі ұшқыш та құтқарылды. Иран президенті Масуд Пезешкиан АҚШ-тың әрекеттерін айыптап, елдің кері шегінбейтінін мәлімдеді.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-тың Иранға жасаған шабуылдарына байланысты Иран билігі барлық кемелер үшін Ормуз бұғазын жапқаны туралы жазған едік.
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді