Иран билігі барлық кемелер үшін Ормуз бұғазын жапты

Иран Қарулы күштерінің Жоғарғы қолбасшылығы Ормуз бұғазын барлық кемелер, соның ішінде мұнай танкерлері мен сауда кемелері үшін жабу туралы бұйрық берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Иран Қарулы күштерінің "Хатам әл-Анбия" орталық штабына сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ-тың өз аумағына жасаған қайталама соққылардан кейін Иран Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты толық тоқтату туралы шешім қабылдады.
“Осы сәттен бастап өңірдегі жағдай қауіпті болғандықтан Ормуз бұғазы мұнай танкерлері мен сауда кемелерін қоса алғанда, барлық кеме түрлері үшін жабылды. Бұғаз арқылы өтпек болғандарға соққы жасалады”, — деп ескертті орталық штаб.
Ал Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының әскери-теңіз күштері бұғаздан өтуге әрекет жасаған екі кемеге соққы берілгенін хабарлады.
Алайда АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы өз кезегінде кемелердің Ормуз бұғазы арқылы екі бағытта да еш кедергісіз қатынап жатқанын мәлімдеді.
ОқыңызБұған жейін Трамп Ормуз бұғазының ешкімнің бақылауында болмауы керегін айтқан еді.
"Бұл жол баршаға ашық болады. Бұл – халықаралық су, оны ешкім бақыламайды. Біз мұны қадағалап отырамыз", – деді Трамп Ақ үйдегі үкімет отырысында.
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді