Трамп Ормуз бұғазының ешкімнің бақылауында болмауы керегін айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні Ормуз бұғазы ешкімнің бақылауында болмауы керек екенін мәлімдеп, Вашингтонның мұны қадағалайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Бұл жол баршаға ашық болады. Бұл – халықаралық су, оны ешкім бақыламайды. Біз мұны қадағалап отырамыз", – деді Трамп Ақ үйдегі үкімет отырысында.
Ол бұл мәселенің Иранмен жүргізіліп жатқан келіссөздердің бір бөлігі екенін атап өтті. АҚШ президенті Иранның бұғазды өзі бақылағысы келетінін де ашық айтты.
Сонымен қатар Трамп Оманға да сес көрсетті. Оның айтуынша, егер Оман Ормуз бұғазын бақылауға алуға тырысса, АҚШ бұл елдің тас-талқанын шығарамын деп ескерткен.
Бұған дейін Тегеран мұнай бағасы 200 долларға жетуі мүмкін екенін мәлімдеген еді. 26 мамыр күні АҚШ Иранға қайта соққы жасаған еді. Бұған жауап беретінін мәлімдеген Тегеран мұнай бағасы бір баррель үшін 200 долларға, яғни 94 600 теңге дейін шарықтауы мүмкін екенін ескертті.
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген
Алматылық зейнеткердің ForteBank депозитіндегі ақшасы екі рет ұрланған: Ол ақшасын 4 жылдан бері қайтара алмай жүр
74 жастағы зейнеткердің ForteBank-тің клиенті болғанына он жылдан асқан
Оқыңыз