Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ипотека салықтық жеңілдіктер мен жаңа шаралардың арқасында қолжетімді болмақ

Ипотека өзгеріс қаржыгерлер
Фото: magnific.com

Қазақстанда ипотека бойынша толық салықтық шегерімді қайта енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Өзгерістерістердің 2029 жылы жүзеге асуы ықтимал екенін мәлімдеді. Болжам бойынша, мұндай шегерімдер несиелерді қолжетімді ете түседі, өйткені олардың күшін жою азаматтардың ипотеканы өтеу шығындарын арттырған.

Жаңа бастамалар алдағы үш жылға арналған халықтың табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар аясында қарастырылып жатыр. Ұсыныстардың қатарында ипотекалық пайыздар бойынша толық салықтық шегерімді қалпына келтірумен бірге азаматтарға "әлеуметтік әмиян" арқылы көмек көрсету және табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету бар.

“Егер бастапқы жарна 30 пайыз немесе одан жоғары болса, мөлшерлеме төменірек болады. Ал 30 пайыздан аз болса, мөлшерлеме басқа болады. Өйткені 30 пайыз және одан көп бастапқы жарна төлей алатын адамдар ипотекаға үміткер тәуекелі төмен клиенттер болып саналады”, – дейді экономист Жанат Нұрғалиев.

Оның пікірінше, сараланған мөлшерлемелер енгізілген жағдайда ең тиімді шарттар табысы жоғары азаматтарға беріледі. Өйткені олардың баспана сатып алу мүмкіндігі онсыз да көбірек. Сарапшылардың айтуынша, банктер ең алдымен табыстылықты ойлап, тәуекелдерді ескереді.

“Көптеген адам ипотекадан бас тартуы мүмкін, себебі бұл тиімсіз болады. Тіпті, қазіргі 25 пайыздық мөлшерлеменің өзінде ипотекаға сұраныс қатты өсіп жатыр деп ойламаймын. Бұл да өте жоғары әрі көпшілік үшін ауыр мөлшерлеме саналады. Себебі адамдар несиені кемінде 10-15 жылға алады, ал мұндай жоғары мөлшерлемемен төлем жасау үшін өте жақсы жалақы қажет”, – деді R-FINANCE қаржылық кеңесшісі Арман Байғанов.

Қаржыгерлер қазірдің өзінде несие алу қиындай түскенін айтады. Себебі банктер адамның немесе отбасының жалпы қарыздық жүктемесін есепке алады.

 Ал Қаржыгерлер қауымдастығы жаңа ережелерге қатысты алаңдаушылық асыра бағалануы мүмкін деп санайды. Өйткені жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейін бастапқы жарна көлеміне байланысты белгілеу банктердің тәуекелдерді бағалау кезінде қазірдің өзінде қолданып жүрген тәсілдеріне сәйкес келеді.

Айым Болатқызы
Жұма, 12 Маусым, 2026 08:42