Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Заман» тобының әншісі Ерген Айтымбетов не себепті дінге бет бұрғанын ашып айтты

Бірер жыл бұрын шоу-бизнес өкілдерінің намаз оқып, қажылыққа барғанын жариялағандары көпшіліктің талқысына түскен еді. Алайда Жаратушының разылығы үшін жасаған амалдарын жасыратын жұлдыздар да аз емес. Солардың қатарынан табылатын «Заман» тобының әншісі Ерген Айтымбетов не себепті дінге бет бұрғанын айтып берді.

Сурет: әншінің Instagram-дағы жеке парақшасынан

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

«Жеке өз басымды дінге Абай Бегей әкелген. Осы дінге,тәубеге келуіме, көп себеп болған достарым бар. Оның бірегейі «Өнер қырандарындағы» Мадияр бауырымыз. », – дейді әнші Ерген Айтымбетов.

Әншінің айтуынша, бастапқыда дінге бет бұруға жүрексінген екен. Тіпті Құран сүрелерін жаттай да алмаған.

«Миыма қонбай жатыр. Ешқандай жаттайтын да емес, мен дінге қалай барамын деп іштей қиналдым. Оқығым келіп, Алланың алдында күнде жылап, үйде жатқанда да, тұрғанда да, жылап сұраймын. Маған бір адамды нәсіп етші деп», – дейді әнші.

Сөйтіп, Құдайдан сұрап жүргенде ән жаздыратын студиялардың бірінен әнші Абай Бегейді жолықтырады.

«Студияға келгенмін. Абай аға келді. Сол кісіден сұрадым. Намаз оқуды маған үйретіңізші деп. Болды, болды деді. Е, Алла Тағала дұғамды қабыл еткен шығарсың дедім ішімнен», – дейді Ерген Айтымбетов.

Оқи отырыңыз:

Дінге бет бұрған әншілер «ән айту – харам» деген пікірге қатысты жауап берді

Намаз оқитын Абай Бегей арақ қойылған тойдан кейін қалай тазаратынын айтты

Қазақстандық модель Қорлан Мәди италиялық азаматқа тұрмысқа шықпақ

Әнші Рүстем Жүгінісовтың жары ән салып, елді аузына қаратты (видео)

Талқылау