Қазақстандық модель Қорлан Мәди италиялық азаматқа тұрмысқа шықпақ
Алматылық Қорлан Мәди Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-ндегі білімін тәмамдаған соң италиялық Luiss Guido Carli университетіне «Сән және Luxury саласындағы халықаралық бизнес» мамандығы бойынша магистратураға түскен. Магистратураны бітіргеннен кейін модельдік мансабын дамыту үшін, Италияда қалуды ұйғарған, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сурет: tengrinews.kz сайтынан
«Бастапқыда мен алдыма тек модель боламын деген мақсат қойдым. Уақыт өте келе мақсаттарым өзгерді», – дейді Қорлан.
Алматылық ару Италияда тұрып, италиялық азаматпен көңіл жарастырғанымен, Отанымен байланысын үзбейді.
«Дүкендер ашқаннан бөлек, KWF-Astana бренд-амбассадорымын. Әр маусым сайын Қазақстанға келіп тұрамын. Модельдермен, сәнгерлермен жұмыс істеймін. Көптеген топтама авторларымен достық қарым-қатынастамын. Қазақстанда сән индустриясы даму үстінде. Бізге сән көрсетілімдерінің дайындықтарынан, кастинг ұйымдастыруларынан тәжірибе алу керек. Теорияны түсініп қана қою – жеткіліксіз. Бізге тәжірибе қажет. Бірақ бізді еуропалық мемлекеттермен, олардың сән әлеміндегі дәстүрлерімен салыстыруға ерте. Алайда казақстандық сән индустриясы дұрыс бағытта дамып жатыр. Болашағымыз – жарқын. Оның үстіне, сәнгерлер шет елдік сән апталарында өз топтамаларын таныстырып жүр», – дейді Қорлан Мәди.
Естеріңізге сала кетсек, қазіргі уақытта Қорлан көптеген танымал журналдардың фотосессиясына түскен. Сонымен қатар Fendi, Bulgari, Grimaldi , Fiorucci сән үйлері мен жарнамалық кампанияларына қатысқан.
Оқи отырыңыз:
Әнші Рүстем Жүгінісовтың жары ән салып, елді аузына қаратты (видео)
Актер Алек Болдуин әйелдерді зорлағаны үшін кешірім сұрады
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы