"R.O.I" қаржы пирамидасынын ұйымдастырғандардан 25 пәтер мен 3 көлік тәркіленді
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті тұрғындарды жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алу бағдарламаларына қатысуға шақырған күдіктіге тергеу жүргізіп жатыр. Агенттіктің мәліметінше, күдікті 2 айға қамауға жіберілді.
Қазір 275 азамат жәбірленуші бар. Оларға келтірілген жалпы шығын – 217 млн теңге болды. Агенттік тергеу барысында ұйымдастырушылар кеңес беру қызметінің ақысы деген желеумен кооперативтен 94 млн теңгені өздерімен байланысы бар тұлғалардың, соның ішінде "Кәусар" жеке кәсіпкерлігінің есепшоттарына аударғаны анықталғанын мәлімдеді.
“2022 жылы сот даулары басталғаннан кейін Алматыда "ShynSaulet", "Berekeli Shanyrak", "Aya-Aru", "Jasmin", "USCoop" және "Baiterek" атты алты жаңа тұтыну кооперативі құрылған. Бұл ұйымдар "R.O.I." тұтыну кооперативі басшысының бақылауында болған”, – деп хабарлады ҚМА.

Соттың рұқсатымен үш автокөлікке, 25 пәтерге және банк шоттарына тыйым салынды.
Еске сала кетейік, Алматыда Asar Baspana қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға қатысты сот үкімі шықты. Тергеу барысында олардың 90 мыңға жуық азаматтан 25 миллиард теңге қаражат тартқаны анықталды.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек