Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арам ойым болған жоқ": Мейіржан Төребаев қаржы пирамидасынан зардап шеккендерден кешірім сұрады

Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева
Фото: Instagram.com/meirzhach_tv

Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша 5 жылға сотталған Мейіржан Төребаев ұзақ үзілістен кейін алғаш рет көлемді сұхбат беріп, қаржы пирамидасына қатысты ойын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол Майя Бекбаеваға берген сұхбатында осы іске байланысты ақша салған адамдардан кешірім сұрады. Оның сөзінше, ешкімге қасақана зиян келтіру немесе адамдарды әдейі алдау ниеті болмаған.

“Мен салымшылардан шын жүректен кешірім сұраймын. Арам ойым болған жоқ, осылай болғаны өте өкінішті”, – деді ол.

Төребаев бұған дейін де соттағы жарыссөз кезінде кешірім сұрағанын атап өтті. Сонымен бірге оның сөзіне сену немесе сенбеу әр адамның өз еркінде екенін жеткізді.

Вайнер қамауда болған уақыттағы ең ауыр сәттерін де еске алды. Әсіресе анасының денсаулығы нашарлап, арбаға таңылған кезде жанында болып, көмектесе алмауы қатты қиналтқан.

“Денім сау, ақыл-есім дұрыс бола тұра отбасыма көмектесе алмауым жаныма батты. Ең қиыны сол болды”, – деді Төребаев.

Оның айтуынша, еркіндігі шектелген кезеңде жақындарына қол ұшын соза алмау моральдық тұрғыдан ең ауыр сынақтардың біріне айналған.

Еске салайық, 2023 жылғы 23 маусымдағы сот үкімімен Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қаржы (инвестициялық) пирамидасын құрып, басқарғаны үшін кінәлі деп танылған. Олардың әрқайсысы бес жылға сотталған. Алайда 2025 жылғы 3 шілдеде Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты, ал Мейіржан Төребаев жазасын өтеуді жалғастырған еді.

Бұған дейін Мейіржан Төребаев үйіне оралып, отбасымен түскен суреттерін желіде жариялады. 

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 17 Тамыз, 2026 11:42