Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұйқы кезіндегі ең қауіпті дене қалпы анықталды

Бейжің оңалту ауруханасының қызметкері Лю Чунь ұйқының ең қауіпті дене қалыптарын атады, деп жазады РИА Новостиге сілтем беріп Stan.kz хабарлайды. 

Төсекке жата салысымен қалай тез ұйықтап кетуге болады? Пайдалы кеңестер

Дәрігер бүйірде ұйықтау әдеті омыртқаны қисайтып, адамды толыққанды тынығуына кедергі келтіретінін атап өтті. Бұл жағдайда бел бұлшықеттері қатайып және бірте-бірте икемділігін жоғалтады. Бұл бел омыртқасына теріс әсер етеді және сайып келгенде, арқадағы ыңғайсыздық пен ауырсынуға әкеледі.

Лю Чунь сондай-ақ іште ұйықтамау керектігін айтады, өйткені бұл қалыпта мойын омыртқаларының жылжуы орын алады, ал бұлшықеттер тырысып қалады. Бұл мойын спондилезінің дамуына және белдегі ауырсынуға әкеледі.

Сонымен қатар, дәрігер омыртқаны қисайып кетпеу үшін басты биік қойылған жастыққа  қойып ұйықтамауға кеңес береді.

Дәрігер тынығуға көмектесетін және дұрыс ұйқыға көмектесетін екі тиімді қалыпты сипаттады. Оның пікірінше, ең алдымен мойын омыртқалары бүгілмеуі үшін биіктігі бойынша оңтайлы жастықты таңдау керек. "Екі аяғыңызбен басқа жастықты қысып, тізені 130 градусқа бүгіңіз,  омыртқаңыз бір көлденең түзу сызық болады сонда бұлшықеттер толығымен босаңсиды", — деп ұсынды ол.


Ғалымдар не себепті адамның ұйқысы қанбайтынын айтты 


Лю Чунның бүйірінде ұйықтағысы келетіндерге қол мен аяқ астына тірек қойып жатуға кеңес берді. Ол жүрек ауруы бар адамдар сол жақ бүйірінде ұйықтап кетпеуі керек екенін атап өтті.

Өткен жылы Қырым Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас кардиологы Валерий Садовой ұйқыға ең қауіпті қалып — отыру жағдайында екенін мәлімдеді. Оның пікірінше, ол іштің қысымын арттырады және жүрекке нашар әсер етеді.

Талқылау