Ғалымдар не себепті адамның ұйқысы қанбайтынын айтты
Американдық және қытайлық зерттеушілер тобы ағзадағы судың жетіспеуінен адам екі сағатқа жуық ұйқыдан айырылуы мүмкін деген тұжырымға келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Newsyou.info сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдардың пікірінше, егер ағзада су мөлшері жеткіліксіз болса, адам жақсы ұйықтай алмай, оянған соң өзін шаршаңқы сезінеді.
Мамандар екі тәжірибе өткізді, оған 9559 және 11903 адам қатысты. Олар зәр аналитикалық параметрлерін және субъектілердің түнгі тынығу сапасын бағалауды зерттеді.
Зерттеу нәтижелері бойынша, су жеткіліксіз болған организм антидиуретикалық гормон - вазопрессин бөліп, адам ағзасындағы сұйықтықтың сақталуын қамтамасыз ететін қорғанысты бастайды. Ғалымдар бұл ерте оянудың қосымша факторына айналуда деп түсіндіреді.
Сонымен қатар, зерттеушілердің айтуынша, ас қорыту проблемалары мен эмоционалды стресс ұйқының болмауының себептері болуы мүмкін.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады