Юлия Путинцева WTA 250 турнирінің жартылай финалына шыға алмады
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Хуахин (Таиланд) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шыға алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: olympic.kz
Юлия Путинцева ширек финалда әлемнің 40-ракеткасы Синьюй Ваннан бірінші партияда 6:1 есебімен есе жіберді.
Алайда Путинцева екінші сетте 3:6 есебімен теңесті. Осылайша, шешуші үшінші партияда қытайлық спортшы мықтылық танытты.
Екі сағат 12 минутқа созылған спорттық бәсекеде теннишіміз 1 эйспен бірге 16 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді. Ван 1 эйс, 8 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.
Еске салайық, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина үшінші орыннан бесінші орынға төмендеді. Ал елдің екінші ракеткасы Юлия Путинцева алты позицияға төмендеп, қазір 70-орында тұр.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

