Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақта жүрегі тоқтап қалған қазақстандық сәбиді Ердоғанның жеке дәрігері құтқарып қалды

Ыстамбұлдан ұшқан ұшақтағы қазақстандық сәбиді түрік депутаты және дәрігер Режеп Шекер аман алып қалған. Белгілі болғандай, ол Түркия президенті Тайып Режеп Ердоғанның жеке дәрігері болып шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі түріктің Anadolu басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Бішкекткен Ыстамбұлға ұшып бара жатқан ұшақтың бортында болған.  Қазақстаннан аттанған нәрестенің жүрегі сыр берген деп хабарланды.  Ұшақ қызметкерлері көмек сұрап Режеп Шекерге жүгінген. Стюардесса келіп, борттағы нәрестеге көмектесуін өтінді.

"Бала көгеріп, жүрегі тоқтап қалды. Мен оның жүрегіне массаж жасадым, жасанды тыныс берген соң, ол өзін жақсы сезінді", - деп түсіндірді Режеп Шекер.

Белгілі болғандай, ұшақ Анкарадағы әуежайға төтенше жағдайда қонған. Ұшақ жерге қонған соң баланы ауруханаға алып кеткен. Режеп Шекердің айтуынша, бала егіздердің біреуі, ал анасы Қазақстаннан келген. 


Бетінен белгісіз біреу сүйген сәби өлім аузынан қалды 


БАҚ - тың ақпаратына сәйкес, Режеп Шекер -Түркия Ұлттық Жиналысының депутаты, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жеке дәрігері.

Талқылау