Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бетінен белгісіз біреу сүйген сәби өлім аузынан қалды

Солтүстік Йоркшир округінің Редкар қаласында бір жастағы сәби өлім аузынан қалды. Тедди есімді қызының оқиғасын анасы Teesside Live басылымына айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақпан айының басында 24 жастағы Зои Пикнетт баласында ерекше симптомдар пайда болғанына назар аударған.

"Оның алақандары мен аяқтары көгеріп, мұздай бастаған, денесі қызарып, ысыған",- деді ағылшындық әйел. Ол қызы тұмаумен ауырып қалды деп шешіп, оны ауруханаға апарған. 

Дәрігерлер Теддиде бәрі жақсы екенін айтып, анасын үйіне қайтарған. Бірнеше күннен кейін бала тамақ ішуден бас тартқан. Өзін әлсіз сезінген. Анасы отбасылық дәрігерге қоңырау шалып, үйіне фельдшерлер тобын шақырған. Олар қызды тексеріп, онда бәрі жақсы екенін айтқан.


Енесімен көңіл қосқан ер адам әйелі перзентханадан оралғанша үйінен қашып кетті 


Әйел оларға сенбей Теддиді ауруханаға апарды. Жылдам тексеруден кейін олар бірден палатаға жіберілді.

"Мен оған түнде антибиотик береді, таңертең ол өзін жақсырақ сезінетін шығар деп ойладым", — деп еске алады Пикнетт. Алайда дәрігерлер баланың денесінің сол жағы салға шалдыққанын айтқан.  Осылайша, қыздың миына қан құйылғанын анықтаған.

Бала дереу жабдықталған ауруханаға жіберіліп, онда жансақтауға жатқызылған. Дәрігерлер қыздың инсульт алғанын және сөйлеу қабілетін уақытша жоғалтқанын анықтады. Тедди ауруханада төрт аптадан астам уақыт өткізген, дәрігерлер анасына егер ол кем дегенде бір сағаттан кейін көмек сұраса, қызы мерт болуы мүмкін екенін айтты. Олар жақын арада баланы шығаруды жоспарлап отыр, дәрігерлер оның толықтай қалыпқа келетініне үміттенеді.

Белгілі болғандай, инсульттің себебі герпес болған. "Мұның бәрі оны ернінде вирусы бар біреу сүйгендіктен болды. Мұндайды жауыма да тілемейтін едім — деді Пикнетт.

Герпес  вирусы ересек адам үшін қауіпті емес, бірақ ол нәрестелер мен жас балаларға, сондай-ақ иммунитеті төмен адамдарға зиян тигізуі мүмкін. Нәрестелерде герпес белгілері бөртпелерден басқа, дене температурасының қызуымен, ұйқышылдықпен, дене құрыс және тыныс алудың қиындығымен сипатталады. Уақытылы емделмеген вирустың бұл түрі өлімге әкелуі мүмкін.

Талқылау