Ұшаққа арналған екі қабатты орындықтардың суреті жарияланды
Желіде коронавирусты жұқтыру қаупін азайтуға және пандемия кезінде жолаушыларды мүмкіндігінше қорғауға арналған жаңа ұшақ орындықтарының суреттері жарияланды.

Zephyr Seat деп аталатын жоба, атап айтқанда, кабинаға екі қабатты орындарды орналастыруды қарастырады - оларды көтеру үшін жоғарғы багаж сөрелерінің кеңістігін пайдалануға болады. Осы екі деңгейлі конфигурациямен авиакомпаниялар қазіргі уақыттағыдай тығыздықты сақтай алады.
Жобаның авторы дизайнер Джеффри О'Нил.
«Біз болашақта саяхатшылардың ерекше жағдайды қажет ететініне сенімдіміз және олар жайлы ұйықтауға мүмкіндік бергені үшін сонша ақша төлеуге дайын болады», - деді ол.
Бұл идея әзірленіп жатқандығы белгілі, өнім қауіпсіздік сынақтан өтуі керек.
Ақтөбеде жасөспірімнің ата-анасы 40 жастағы ер адамды ұлымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деп айыптады
Полиция: "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр"
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі