Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұрпағымды жалғастыратын адам жоқ": Жахан Отарғалиев жанына батқан дерті туралы айтып берді

Танымал актер Жахан Отарғалиев күйзеліске түскен жылдарын есіне алып, көп жылдан бері белгісіз дертпен күресіп жүргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Өнер иесінің жеке парақшасынан алынды

Өнер иесі журналист Зарина Мүсілімге берген сұхбатында физикалық тұрғыда белсіздік дертіне шалдыққанын жасырмады. 

“Дәрігерлер “cен физикалық тұрғыда балалы бола алмайсың" деп айтты. Бұл нәрсені менің әйелімнің көзінше айтқаны маған екі есе ауыр тиді. Мен бұрында бұл нәрсені сезетінмін. 15 жыл балалы бола алмай жүрдім. Бірақ менің бетіме ешкім айтпаған. Кесіп бетіме айтқан соң, маған еш нәрсе қызық болмай қалды. Оған дейін үміт болды. Үміт әлі де бар. Бірақ естіген кезде маған ауыр тиді. Сол кезде маған кино, шығармашылық, жұмыс, бизнес те керек емес болып қалды. Мен үшін бұл – өмірде ең ауыр нәрсе. Мені тек басынан дәл осындай жағдай өтіп жатқан адам ғана түсінеді. Бала сүю бақыты маған да бұйыратын шығар, бәрі бір Алланың қолында. Үмітім үзілмейді. Мені күйзеліске ұшыратқан осы диагноз, достар! Өйткені бұл өмірде сәби сүюден асқан бақыт жоқ қой", – деп ағынан жарылды актер. 



Бүгінде 40 жасқа толатын актер өміріндегі ең үлкен қорқынышын да жеткізді. 

“Баланы тастап кетіп жатқандарды түсінбеймін. Балалары бола тұра екі жаққа кетіп жатқандарды түсінбеймін. Баланың кінәсі жоқ. Мен соған жете алмай жүрмін. Кейде барып, сондайларға "Тастамашы, маған берші" деп айтқым келеді. Мен үшін ол – үлкен арман. Мен өзімді алдауға жақсымын. Жиендерім, кіндік балаларым да көп. Соларды құшақтап, ойнап, сыйлық сыйлап, өзімді алдаймын. Бірақ ол менікі емес. Жахан Отарғалиевпен тоқтайды. Артымнан ұрпағымды жалғастыратын адам жоқ болып тұр. Өмірімдегі ең ауыр сынақтардың бірі осы болды. Мені баласы бар адам түсінбейді. Мен оны түсінбеймін. Артымнан дұға жасайтын ұрпақ болмайды деп қана қорқамын", – деді әзілкеш. 

Айта кетейік, актер экс жұбайы Балжан Бидашпен не үшін ажырасқанын айтқанын жазған едік. 

Талқылау