Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұмытшақ ауру": Тамара Асар босанған күнін еске алды

44 жасында екінші рет ана атанған Тамара Асар босанған күнін еске алды. Ол қызын алғаш көрген сәтте қандай жағдайда жатқанын сипаттап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Көзім қарауытып, бөлменің іші, қабырғалар жыбырлап жатыр. Түк әлім жоқ, денемді бір нәрсе басып өткен сияқты, аузым құрғап барады, жылағанмын ба, көзімнен құлағыма мұздай жас па, бірнәрсе салқындау әйтеуір, бетімнің, жақ-сүйегімнің терісі, құлағымның ылғалдылығынан тоңып жатыр. Тісім-тісіме соғып, дір-дір етеді. Тұла-бойым тас мұз. Бақайым, қатып барады.

Есім кіресі, шығасылы түсініксіз. Айналамдағы адамдардың сөздері, жанымды да, тәнімді жылытар емес. Не айтып, не қойып жатқанын кім білсін?

Шықылықтаған дыбыс, кеудемде жатқан тіршілік шақалақты енді шын сездім. Жыбыр-жыбыр бірнәрсе, сол жақ омырауымды жұлып барады, енді түсіндім.

Көзімнен ыстық жас құлаққа қарай құлай саулады. 

– Телефон сұратыпсыз, мінеки алыңыз, көмекшіңіз беріп жіберді, – деді біраздан кейін бір меірбике.

– Рахмет, – дедім, даусым қарлығып. Барымша, қырылдаған тамағымды, жұтынып, ретке келтіргенсіп, телефонды құлағыма тосып:

– Сәлем бердік, Апа, Апа, қыз тудым, – дедім, дауысым дірілдеп. Көзімдегі жас, тамағыма тығылып, қылғынтып барады. Сонда да шешеме, жылап жатқанымды сездіргім келмей тұр.



Күні кешегі уайым, қобалжу, айналамнан аяғым ауыр екенін жасыру, жеріктік, ісу-кебу, бәрі бүгін жан мен тән арпалысып-алысып, қуанышқа ұласқанына сенбей жатқан эмоциялардың айқасымен шайқасы ғой бұл. Шешем:

– Амансың ба қарғам, құтты болсын, бауы берік болсын, – деді, кібіртіктеп, сәл кідіріп:

– Еее әйелдің “ҰМЫТШАҚ” ауруы ғой. Бұл қиналыс күн де ҰМЫТ болар ертең-ақ. Ең бастысы ішіңнен “ШИІҢ” шыққасын болады да, қашаннан Қамбардан кейін қыз армандап едің, жаның қалып, кең Құдай өзің мен нәрестеңе жарық дүниені қайта сыйға бергесін болады да, – деп, тебіренген дауысының толқынысын маған білдіргісі келмей, жөтелгенсіп, тамағын қырғансып, әңгімесін әрі қарай жалғады, шалқамнан жатқасын, екі көзімнен аққан ыстық жасқа, екі құлағым шомылып, тыңдай бердім, тыңдай бердім… (жалғасы ұзаақ)

Ұмытшақ ауру… Аллаға шүкір, дәрігерлерге бас идім. Оқып отырған әрбір әйел затына осы қуанышты нәсіп етуін тілеймін", – деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, Тамара Асардың тұрмысқа шыққаны биыл шілде айында белгілі болды. Кейін әнші жұбайының кім екенін айтып, көпшілікке таныстырды. Көп уақыт өтпей, Тамараның қыз босанғаны белгілі болды. Өнер иесі тіл мен көзден сақтанса керек, жеке өміріндегі жағымды жаңалықтарды біраз уақыт құпияда ұстауды жөн көрген. 


 

Талқылау