Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзіммен құрдас": Тамара Асар күйеуін таныстырды

Бірер күн бұрын тұрмыс құрған Тамара Асар қалың көпшілікке күйеуін таныстырды, деп хабарлайды Stan.kz.


Әнші мұндай қуанышты хабарды бірден жария етпеуінің себебін түсіндірді. 
"Адамның бақыты өз жүрегінде, ой-сезімінде. Отбасы, ошаққасында.
Ауылдағы Анамыз біз үйленген кезде, “Бақыттарыңды өз бойларыңа әбден сіңдіріп алып, кештеу жариялаңдар”, – деді. Сосын хабарлауды кейінге қалдырғанбыз…

“Әр қимылымнан бақыт іздеген, қандай қиындық болса да, құдайдың берерінен үмітімді үзбеген, еңбекті ермек еткен, сырлы сабырды салмақ еткен, діттеген мақсаты бар, арманшыл әйел затымын… (ниетім)", – дейді Тамара. 

Өнер иесі өзінің жүрегін жаулаған азамат туралы аз-кем ақпаратпен бөлісті.

"Темірден түйін түйген, еңбекқор, ата-бабасы Ресейде туған, өз ата-анасы бақилық болған, өзі өмір көрген, мені көзбен бағындырып, іспен сағындыратын, болмысымды құрмет тұтатын Жұмаш деген өзіммен құрдас кәсіпкер азамат маған үйленді.


Мақпал Исабекова күйеуінің өзге ұлттан екенін растады


Өзім де іштей: “Мендей келіншек, дәл осы азаматтың шәйін қайнатып, отын тұтатуы керек” деген ойға тоқтадым. Шүкір. Осыған дейінгі “Шоңқайма етік” жайында инста парақшамдағы жазбамды оқысаңыз, түсінесіз",  деп жалғады сөзін ол.

Тамара құттықтап, ақ тілегін жаудырып жатқан халқына да, сынға алып, неше түрліні жазып жатқан хейтерлерге де алғыс білдірді.

"Құлағдар болған елдің басым көпшілігі шын қуанып, тілектерін жаудыртып жатса, араларынан әншілерді сөзбен сынап-сыбап жатқандарында көзім шалып отырды. Үлкен рахмет. Ниеттері өздеріне жолдас болады ғой. Жаратқанның құзырына бердік бәрін.

Алламыздың қалауымен, Әкеміздің батасымен, Шешеміздің рұқсатымен, екеуміздің “биссиміллә” нартәуекел-шешімізбен бұйырымыс осылай болды. Үйлестіріп-үбістіріп құралуды құтты қылып жазсын АЛЛА! Құрметті ОҚЫРМАНДАР, Достар, Әріптестер, Туыстар жаудырған жақсы тілектеріңізге рахмет!!!

Базарлы бақыт тілейміз сіздерге!", – деп түйіндеді сөзін ол. 

Өнердегі әріптестері мен желі оқырмандары Тамараны жарыса құттықтауда.

"Бақыттарыңыз баянды болсын, ақ Тамара. Жұмаш мырзамен бір жастықта қартайыңыздар", – деп ақжарма тілегін жеткізді Сәкен Майғазиев.

"Екі дүниеде бірге бақытты болыңдар", – деді Алтынай Жорабаева. Мәдина Сәдуақасова: "Тами , жаным бақытты болыңдар!", – деп жазба қалдырса, әнші Ғаділбек Жанай: "Апааааау. Күшті жаңалық қой", – деп қуанды. 

Айта кетейік, Тамара Асардың тұрмысқа шыққаны туралы әнші Айгүл Елшібаева алғаш болып хабарлаған еді.
 

Талқылау