Ұлттық валюта құлдырап, доллар бағамы 486 теңгеге жетті
Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы ресми түрде бір жылдан астам уақыт ішінде максималды деңгейде әлсіреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Доллар бағамы кейінгі рет 2023 жылдың 24 қыркүйегінде KASE нарығында 486 теңгеге жеткен еді.
Экономистер теңгенің әлсіреуі бірінші кезекте бюджетке тиімді екенін айтады. Бюджеттің валюталық кірістерінен түсетін түсімдері артып, оларды одан әрі айырбастауға болады.
Есепші Ғалымжан Айтқазин мұндай динамика жазғы демалыс маусымында шетел валютасына сұраныстың артуы, сондай-ақ Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер деңгейінің төмендеуімен байланысты дейді.
Бұған дейін әлемде биткоин мен мұнай бағасы төмендегені туралы жазған едік.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"