Қазақстанда доллар бағамы 480 теңгеден асып кетті
23 тамызда Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі долларды сатып алу-сату орташа бағамы туралы мәліметтер жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Depositphotos.com
KASE биржасының мәліметінше, доллар мен теңге 482-483 деңгейінде саудаланып жатыр. Дәл мұндай көрсеткіш 2022 және 2023 жылы байқалған.
Валюта бағамының мұндай әлсіреуі осы айда бюджетке аударымдарды қамтамасыз ету үшін шетел валютасын сату деңгейі айтарлықтай төмендеуі мүмкін.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, Астанадағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 478 теңге, сату бағамы 482 теңге.
Алматыда 481 мен 483 теңге аралығында. Ал Шымкентте 480 мен 484 теңге аралығында сатылып жатыр.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"