Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысына сот үкімі шығарылды

Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысы Рамазан Әлімқұлов пара алғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз-қызметінің мәлімдеуінше, Рамазан Әлімқұлов 5 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелген болатын. 

22 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының ауданаралық мамандандырылған қылмыстық істер бойынша тергеу соты Әлімқұловты кінәлі деп тауып, оны үш жарым жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар тестілеу орталығының бұрынғы басшысы алдағы уақытта мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтер атқа алмайтын болады. 

Бұған дейін ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысы 140 миллион теңге пара алды деп айыпталғаны айтылған еді. 


Тағы оқыңыз

Ақтөбеде ҰБТ алдында қолына табыстап кеткен оқушының телефонын комиссия мүшесі ұрлап кеткен

Stan.kz
Дүйсенбі, 25 Қараша, 2019 10:42