Тестілеу орталығының бұрынғы басшысы 140 миллион теңге пара алды деп айыпталуда

Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысы Рамазан Әлімқұловтың ісіне қатысты сот өтіп жатыр. Ол 140 миллион теңге пара алды деп айыпталуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

Тестілеу орталығының бұрынғы басшысы 140 миллион теңге пара алды деп айыпталуда

Іс бойынша сот қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта өтуде. Рамазан Әлімқұлов аса қомақты көлемде пара алды деп айыпталып жатыр. Оған тағылған айыптауды оқыған мемлекеттік айыптаушы екі соманы атады. Тергеу нұсқасы бойынша, аталған сомаларды жекменшік компания басшылығы Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысына пара ретінде берген. Бұл орайда 140 миллион теңге туралы сөз болып отыр. 

Іс материалдары бойынша, Рамазан Әлімқұловтың Ұлттық тестілеу орталығының басшысы ретіндегі міндеттеріне орталықты басқарып, ҰБТ өткізу ғана кірмейді. Орталықтың міндеттерінің бірі – ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету, үздіксіз білім беру жүйесіндегі білім сапасын арттыру және студенттер контингентін құрастырудың жаңа моделін енгізу. 

2017-2018 жылдар аралығында орталық өңірлерге жұмыс бабымен аттанатын қызметкерлері мен мұғалімдеріне қонақ үй қызметі көрсетілуі үшін ЖШС-мен келісімшарт құрған.

Тергеу нұсқасы бойынша, 2017 жылдың наурыз айында тестілеу орталығы мен ЖШС арасында қонақ үй қызметтерінің көрсетілуі туралы келісімшарттардың біріне қол қойылған. 

«Әлімқұлов өзі немесе делдал арқылы қонақ үй қызметін көрсету туралы келісімшарт жасалғаны, оларды бұзубауы, ұзартқаны, атқарылған жұмыстар актісін кедергісіз қабылдағаны, қонақ үй қызметін жақсы көрсеткені, сонымен қатар ЖШС-ның жалпы қамқорлығы үшін ЖШС өкілінен аса қомақты көлемде пара алған», - дейді мемлекеттік айыптаушы.

Алайда Рамазан Әлімқұлов өзіне тағылған айыптаулармен келіспеді және өз кінәсін мойындамады.

Естеріңізге сала кетсек, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы атқарушы директорының пара ретінде 9 миллион теңдеген астам сомаға шетелдік автокөлікті мінгені туралы істі тергеп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Айгүл Иманбаева: Баян енді басты рөлді бермесе, киноларына түспеймін

Иманбаева: Баян екеуміз қазір жақын қатынаста емеспіз

Ернар Айдар шетелдік әнші Арашпен бірге концерт бермек

Әли Оқапов: Мен өзге әншілердің танымалдығының арқасында көрермен жинағанды жек көрем

Көкшетаулық оқушы қыз Нұр-Сұлтанда мас күйінде табылды

Бойжеткен үйіне оралудан бас тартты

Бағасы 11 мың теңге: Баян Алагөзова мен Ерке Есмахан арзан көйлек киіп жүр ме

Желі қолданушысы: Продюсердің көйлегі арзан бағадағы дүкеннен алынған көйлектің көшірмесіндей

Алматыда мас әйел тротуардағы жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Жаяу адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды

"Астана біздікі": Нұр-Сұлтанда қару ұстаған видео кейіпкері ұсталды

Күдікті бұрын сотталған жергілікті тұрғын болып шықты

Талдықорғандық тұрғын салық органын сотта жеңіп шықты

Сот үкімінде тұрғынның қарызының жоқ екені анықталды

Оралда 60 қымбат көліктің ортасында қыдырған ер адам ұсталды

Қазір жарияланбайтын нақты ақпарат бар

Айдар Тұрғанбек: Әйелімді қатты жақсы көре бастадым

Әнші: Екінші әйелімді ұшақпен алып қаштым

Көктайғақ, боран болады: Мамандар ауа райы болжамын айтты

Республиканың солтүстігінде және шығысында кей жерлерде қар жауады
Çàãðóçêà...