Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық пантеонда енді президенттің отбасы мүшелері жерленбейді

Ел үкіметі ұлттық пантеонға жерлеу туралы ережелерге өзгерістер енгізеді. Енді элиталық некрополиске аз адамдар жерленеді және қарайым рәсім болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: gov.kz

Ұлттық пантеон – құжат бойынша қоғам қайраткерлері, мәдениет пен өнер, ғылым және өзге де салаларда еңбек сіңірген тұлғалар жерленетін орын.

Егер бұған дейін пантеон аумағында мемориалды ғимарат, "Еске алу қабырғасы" монументі қойылған еске алу мұражайы, әкімшілік, шаруашылық және қосымша ғимараттары болса, енді аталған нысандар саны азаяды.            

"Қазіргі уақытта пантеон аумағында мемориалдық ғимарат пен еске алу мұражайының ғимараты жоқ. Бұл нысандардың құрылысы жоспарланбаған. Өйткені олар бойынша ЖСҚ әзірлеу көзделмеген. Тиісінше, алдағы жылдарға мемлекеттік бюджетте және одан әрі осы іс-шараларға арналған жоспарларда қаражат бөлінбейді", – деп түсіндірді мәдениет және ақпарат вици-министрі Ербол Әліқұлов.

Айта кетейік, пантеон аумағында жерлеуге құқығы бар адамдар тізімінде айтарлықтай өзгерістер болды.

Бұрынғы ережелерде бұл қорымда Қазақстан президенттері мен олардың отбасы мүшелері жерленуі мүмкін екені айтылған. Жаңа түзетулерде мемлекет басшыларының отбасы мүшелері жоқ. Сонымен қатар мемлекеттік хатшылар, сонымен қатар Конституциялық кеңестің төрағалары тізімнен шығарылды.

Қазір "Алтын Қыран", "Отан", "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Нұрсұлтан Назарбаев" және "Еңбек Даңқы" ордендерімен үш дәрежелі наградталған азаматтар қорымда орын алуға құқылы. Енді тұңғыш президент ордені иегерлерін тізімнен шығару ұсынылып отыр.



"Министрлер кабинетінде бұл өзгерістер елде конституциялық кеңес пен мемлекеттік хатшы лауазымы әлдеқашан жойылғаны туралы айтылды. Мұның орнына Конституциялық сот пен мемлекеттік кеңесші лауазымы келгенін байқаймын. Сонымен қатар "тұңғыш президент – елбасының мәртебесі мен өкілеттігін реттейтін конституциялық нормалар ресми түрде күшін жойған", – деп еске салды вице министр.

Министрдің сөзінше, пантеон аумағында жерленетін адамдар тізімінде негізгі өзгерістің пайда болғанын атап өтті.

"Бұған дейін ережелерде пантеонға жерленетін адамдармен олардың кейінірек қайтыс болған жұбайлары жерленуі мүмкін" деп жазылып жүрген. Енді "кейінірек" сөзін алып тастау ұсынылып отыр", – деді Ербол Әліқұлов.

Пантеонда жерлеуді тіркеу кітабы бар. Қазіргі қолданыстағы ережелерге сәйкес кітапта қайтыс болғандар (қаза тапқандар) туралы келесі мәліметтер бар: толық аты-жөні, қайтыс болған адамның (қаза тапқан адамның) келіп түскен күні және мәйітті жерлеу күні, өмірбаяны, елге сіңірген еңбегі және басқа да мәліметтер. Мәдениет министрлігі қайтыс болған адамның аты-жөнін және қабірге түскен күнін және "артық фактілерді болдырмау үшін" мәйітті жерлеуді жазуды ұсынады.

"Таза техникалық түзету де бар. Елорданың атауын өзгертуге байланысты ереже жобасының бір тармағында: "Пантеон Астана қаласының аумағында елорданың жергілікті атқарушы органының қарауында" делінген. Бұрын "Нұр-сұлтан қаласының аумағында" деп жазылған. Үкіметтің ұсыныстары дүйсенбіде "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. Қазақстандықтар 4 наурызға дейін өз пікірлерін қалдыра алады", – деді вице министр Ербол Әліқұлов.

Талқылау