Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне байланысты мәлімдеме жасады
Маусым айында доллар 26 теңгеге қымбаттаған. Ұлттық банк мәліметінше, бюджет трансферттерін сақтау үшін Ұлттық қордан сатылған валюта көлемі 420 миллион доллар болған. Ал маусымда Ұлттық қор қаржысы есебінен тағы 450-500 миллион долларға тең валюта сату көзделіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Маусым айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 471,84 теңгеге дейін 5,5%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 251 миллион доллардан 183 миллион долларға дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 3,7 миллиард доллар болды.
Ұлттық банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру үшін маусымда биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырды. Оның жалпы сомасы 293 миллион доллар немесе нарықтың жалпы көлемінің шамамен 8%-ы болды.
Ұлттық Банк маусымда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ. Алдағы уақытта теңгенің құнсыздануы немесе көтерілуі салық аударымдарына, қор нарығына қатысушыларға, әлемдік қордағы жағдайға, геосаяси ахуалдағы өзгеріске байланысты болмақ.
KASE деректеріне сәйкес сағат 16:46-дағы жағдай бойынша 1 АҚШ долларының бағасы 476 теңгеге көтерілді.