Ұлытауда заңсыз кен өндірілген: Мемлекет шығыны 4,8 миллиард теңге

Фото: Ru.freepik.com
Ұлытау облысында 4,8 миллиард теңгеге марганец кенін заңсыз өндіргендер ұсталып, сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлытау облысының прокуратурасы Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, облыс аумағында марганец кенін заңсыз өндірудің қылмыстық схемасын анықтады.
Қостанай облысында жер қойнауын пайдалануға лицензиясы мен келісімшарты жоқ 50 жастағы азамат 2020-2023 жылдар аралығында “Шығыс Қаражал” кен орнында марганец кенін заңсыз өндірген. Сонымен қатар қолма-қол ақшаға айналдыру және жалған мәмілелер жасасып, қазбаларды сатудан түскен қаражатты заңдастырған.
Осы уақыт аралығында 16 мың тоннадан астам кен жөнелтіліп, мемлекетке 1,3 миллиард теңгеден астам залал келтірілген. Осылайша ол өңделген темір-марганец кенін ел ішінде және шетелге сатып 3,5 миллиард теңгеден астам пайда тапқан.
“Ұлытау облысы сотының үкімімен кінәлі адам 5 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметпен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айырылды. Мемлекет кірісіне 4,8 миллиард теңге өндіріліп, сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған 3 жеңіл және 2 жүк автокөлігі тәркіленді”, – деп мәлімдеді Бас прокуратура.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Фельдшерден қандықол қылмыскерге дейін: Өскеменді үрейде ұстаған Сергей Яровой деген кім
Ол зорлап өлтірген құрбандар қатарында 8 бен 16 жастағы қыздар да бар
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген