Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбританиядағы сайлау: Лейбористер жеңді, енді елде премьер-министр ауысады

Ұлыбританияда консерваторлар жеңіліп, тек 14 жылдан кейін лейбористер билікке келді. Сэр Кейр Стармербасқаратын лейбористер партиясы кезектен тыс парламент сайлауының қорытындысы бойынша қауымдар палатасында көпшілік дауысқа ие болды. Қазіргі үкімет басшысы Риши Сунак консерваторлардың жеңілгенін мойындап, Стармерді жеңісімен құттықтады.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: centralasia.media

Сайлау түні сэр Кейр Стармердің сайлауды жеңген сәттегі фотосы пайда болды. Фотода оның әйелі Виктория Стармер Холборн екеуі Лондонның округтеріндегі дауыс санау орталығына келді.

Барлық сайлау округтерінде дауыстарды санау әлі аяқталған жоқ. Лейбористер олардың 370-інде ресми түрде жеңіске жетіп қойды. Бұл оларға палатадағы 650 орынды тиесілі етіп тұр. Ал бейсенбі күні кешке дауыс беру аяқталғаннан кейін бірден жарияланған экзит-полл лейбористер 410 орынға ие болады деп болжады.

Кейр Стармер және болашақ үкіметтегі екінші жоғары лауазымға үміткер көлеңкелі қаржы министрі Рэйчел Ривз өз сайлау округтерінде сеніммен жеңіске жетті.

Нәтижелер жарияланғаннан кейін Стармер қысқаша пікір білдірді.

"Өзгеріс дәл осы жерден басталады, өйткені бұл сіздің еркіндігіңіз екенін түсінуіңіз керек. Бұл – сіздің қоғамыңыз, сіздің болашағыңыз. Сіз дауыс бердіңіз, енді уәдемізді орындайтын кез келді", – деді Кейр Стармер.

Қазіргі премьер-министр Риши Сунак та өзінің Ричмонд және Норталлертон округтерінде қайта сайлауда жеңіске жетті. Сонымен бірге ол консерваторлардың жеңілгенін мойындап, Стармерді жеңісімен құттықтады.



"Бүгінде биліктің қолдан қолға ауысуы барлық жақтан ізгі ниетпен бейбіт және тәртіпті түрде өтеді. Бұл баршамызға еліміздің тұрақтылығы мен болашағына сенім ұялатуға тиіс. "Британ халқы бүгін байсалды үкім шығарды. Үйренетін көп нәрсе бар... Осы сәтсіздікке өзім жауаптымын", – деді Сунак.

Еске салайық, 2022 жылы Ұлыбританияда алғаш рет ата тегі үндістандық саясаткер премьер-министр лауазымына тағайындалғанын жаздық. Ұлыбританияның бұрынғы қаржы министрі Риши Сунак Консерваторлық партияның ішкі сайлауында жеңіске жетті. 

Талқылау