Ұлыбританияда коронавирустың үшінші рет мутацияланған жаңа түрі пайда болды
Ұлыбританияда коронавирустың гендердің ерекше комбинациясы бар жаңа мутацияланған түрі пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Йоркширдегі вирусологтар коронавирустың үшінші рет мутацияланған жаңа түрі VUI-21MAY-01 немесе AV.1 деп аталатын гендердің ерекше үйлесімімен сипатталады дейді.
Бүгінгі күні елде жаңа штамның 49 жағдайы анықталған. Вирустың жаңа түрі негізінен Йоркшир мен Хамберде таралуда.Жаңа вирус вирустың басқа мутацияларына қарағанда тезірек таралады дәне вакцина вирусқа әсер етпейді. Қазіргі уақытта Англияның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жаңа мутацияның таралуын зерттеп жатыр.
Ғалымдар вирустың таралуын өлшейтін R мөлшері 0,9 мен 1,1 аралығында, деп болжайды. Ұлыбритания билігі коронавирустық инфекцияның мутациясының таралуын болдырмау үшін қатаң шаралар қабылдауға дайын екендіктерін мәлімдеді.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?