Ұлы мен келінімен Түркияға барған Гүлзира Айдарбекова алаяқтардың құрбаны болды
Гүлзира Айдарбекова жаңадан отау құрған ұлы мен келінін ертіп, Стамбұлға аттанды. Олар Айнұр Тұрсынбаеваның үйінде қонақта болып қайтты. Сондай-ақ, отбасы бірнеше күндік сапарда алаяқтар мен ұрлықшылардың құрбаны болып үлгерген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Гүлзира Айдарбековаға шапан кигізді. Мұндай сыйды жуырда өткен туған күніне орай тартулады. Сондай-ақ, жаңадан отау құрған Заңғар Нұртас пен оның келіншегіне ерекше сыйлық жасады.
Одан бөлек, Стамбұлды аралаған Нұртас әулеті ұрлықшыларға алданып қалған. Бұл туралы Заңғар Нұртас айтып берді.
“Мұсылман халқы деп сеніп жүрсем, Стамбұлда таксистер сенің түріңе қарап алдай береді екен. Алаяқтарға, ұрлықшыларға да алданып үлгердік. Алла Тағалам үлкен сынақ берді. Жамандық, тіл көз, бәле жала осымен кетсін. Әр елде жаман да, жақсы да адамдар бар екеніне көзім жетті", - деді Заңғар.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі