"Ұл әлде қыз?": Танымал блогерлер гендер пати жасады
Жастар арасында танымал блогер Арман Юсупов пен Карина Оксукбаева үшінші сәбиінің жынысын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/oksukpaevak
Осыдан бір ай бұрын Карина өзінің жүкті екенін айтқан болатын. Бүгін шағын отбасылық жиында блогерлер гендер пати ұйымдастырып, болашақ сәбидің жынысын анықтады. Арманның әкесі болашақ немересін ұл болады деп болжаса, Каринаның анасы қыз баланы күтетінін жасырмады.
Блогерлердің оқырманы бұл сәтті көп күтті. Арман мен Карина үшінші рет ұлды болмақ.
“Арман өзі сияқты нағыз ер азаматтарды тәрбиелемек”, “Футбол командасын жинап жатырсыз дар ма?”, “Алақай”, “Төртіншісі қыз болады”, Есесіне үш бірдей батырың болады”, “Құттықтаймын”, “Жұғысты болсын”, – деп құттықтады желі қолданушылары.
Айта кетейік, ерлі-зайыпты Алим, Тимур есімді екі ұл тәрбиелеп отыр.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?