ҰҚК-нің алғашқы басшысы өмірден өтті
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алғашқы басшысы, генерал-лейтенант Болат Баекенов өмірден өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы мемлекеттік күзет қызметі мәлімдеді.
“Бүгін ұзаққа созылған науқастан кейін еліміздің арнаулы мемлекеттік органдар ардагері генерал-лейтенант Болат Баекенов қайтыс болды. Болат Әбдірахманұлы әр жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетін, Ішкі істер министрлігін басқарды, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. 1997-2001 жылдары генерал-лейтенант Қазақстан Президентінің күзет қызметіне жетекшілік етіп, ведомствоның дамуына зор үлес қосты. Мемлекеттік күзет қызметі генерал-лейтенант Болат Баекеновтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады”, – делінген хабарламада.
Болат Әбдірахманұлы1942 жылы 21 қарашада Батыс Қазақстан облысының орталығы Оралда дүниеге келген.
- Тәуелсіздік алғаннан кейін сол кездегі Қазақстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (1992 жылдың шілдесінен бастап ҚР ҰҚК) төрағасы болып тағайындалды.
- 1993-1994 жылдары Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды.
- 1994-1995 жылдары — Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрі.
- 1997 наурызда - Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Президенті күзет қызметі бастығы болып тағайындалды.
- 2001 жылы құрметті демалысқа шыққан.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”