Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-депутат елорда мектептеріндегі әжетханалардың жағдайын сынап тастады

Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты, қоғамдық қайраткер Бақыт Сыздықова №7 мектептің әжетханасының жағдайын сынға алды, – деп хабарлайды Stan.kz.

Бұрынғы депутат Facebook-тегі жеке парақшасына мектептегі қыздардың әжетханасын суретке түсіріп жариялаған. Байқалғандай, әжетханада унитаздарды бөліп тұратын жеке кабинкалар жоқ. Мұндай көрініске қайран қалған Бақыт Сыздықова мұнан кейін ер балалардың және ұстаздардың әжетханасына кіріп көрген екен. Мектеп әжетханасын суретке түсірген ол Астана білім беру басқармасына сұрақ қойды.

«Мектептердің көпшілігі кеңес дәуірінен бері келе жатқанын түсінемін. Алайда тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды емес пе? Унитаздар бір қатарда тізіліп тұр, аралары бөлінбеген!” — деп жазды Сыздықова.

Экс-депутаттың сөзінше, ұстаздардың әжетханасында барлық жағдай жасалғанымен, іші лас екен. Ал мүгедектерге арналған әжетхана мүлдем істемейді.

Оқи отырыңыз:

Қысқы дөңгелек қандай болуы тиіс және айыппұл төлемеу үшін не істеу керек?

Болашаққа хат: Ақтауда 50 жыл бұрын жазылған хат табылды

Алматы облысында қолмен балық аулағандар жазаланатын болды

Ақтөбе облысында күйеуін «есек» деп балағаттаған келіншекке айыппұл салынды

Талқылау