ҰБТ-дан шет тілі алынып тастала ма? Ресми жауап
Әлеуметтік желіде шет тілі ҰБТ пәндері қатарынан алынып тасталады деген қауесет тарап жатыр. Желіні шарлаған ақпаратқа қатысты Ұлттық тестілеу орталығы жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде тараған ақпаратта мектеп түлектері енді шет тілінен Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырмайды, өйткені бұл оларды елден кетуге итермелейді делінген.
Сондай-ақ, хабарламаға сәйкес, жақында мектептерде бірқатар пәндерді оқыту тоқтатылады, себебі дене шынықтыру – Қазақстаннан қалай қашуды, география – мектеп оқушылары қайда қашуға болатынын білмеуі үшін және неге қашу керектігін түсіндіретін тарих пәні.

"ҰБТ-дан шет тілін және басқа да пәндерді алып тастау туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ресми дереккөздерден тараған ақпаратты пайдалануыңызды сұраймыз", – делінген орталықтың Instagram-дағы парақшасында.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар