Санкт-Петербургте Wildberries қоймасынан өрт шықты: 54 адам хабарсыз
13 қаңтарда Санкт-Петербургтегі Wildberries қоймасында өрт болды. Қазір сол жерде болған қызметкерлермен байланысу жалғасып жатыр. Алайда әлі 54 қызметкер хабарсыз. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет РИА Новостиден
70 000 м² аумақтағы өрт локализацияланған. Жалын кезінде ғимаратта кем дегенде 1000 адам болған. Жексенбіде компания Шушарадағы қойма қызметкерлерінің туыстарына сенім телефонын ашқанын хабарлады.
"Қазір 54 қызметкермен байланыс жоқ. Олардың кейбіреуі тездетіп ғимараттан шығу үшін жеке заттарын, соның ішінде ұялы телефондарын қоймада қалдырып кеткен", – деп хабарлады Wildberries.
Компания байланыс орната алмаған адамдар саны сенім телефоны жұмысының арқасында біртіндеп азаятынын жеткізді.
"Қазір Шушарадағы қойма қызметкерлерінің ешқайсысы жоғалған деп саналмайды", – деп атап өтті мекеме.
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек