WhatsApp-та жаңа функция пайда болды
WhatsApp мессенджерінің бета-нұсқасында жаңа пайдалы функция пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Wabetainfo-ға сілтеме жасап.

Портал мәліметтері бойынша, енді WhatsApp-та QR-кодтарын тану функциясы болады. Қазір ол iOS үшін қосымшаның бета-нұсқасында іске асырылған, ал кейінірек Android құрылғыларында да қолжетімді болады.
Мессенджер пайдаланушылары телефон нөмірі шифрланатын жеке кодты сқхбаттасушыға жібере алады. Мұндай комбинацияны алғаннан кейін оны смартфонның камерасы арқылы сканерлеу қажет. Бұл адамды контактілер тізіміне тез қосуға мүмкіндік береді.
Егер сіз шифрланған ақпаратты қате адамға жіберсеңіз, QR кодын жойып, жаңасын жасауға болады.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен