Путин Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті
Ресей президенті Владимир Путин Кремльде Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты қабылдады.

Ресей лидері қазіргі әріптестерімен және жоғары мемлекеттік қызметтен кеткен адамдармен де байланысқа әрқашан дайын.
Бұл туралы журналистерге Ресей басшысының өзі хабарлады. Ол кездесуде республикадағы және жалпы аймақтағы жағдай талқыланғанын түсіндірді.
«Иә, мен Алмазбек Шаршенұлымен кездестім. Біз аймақтағы және Қырғызстандағы жағдай туралы сөйлестік», - деді Путин.
Ресей басшысы өзінің қазіргі әріптестерімен және жоғары мемлекеттік қызметтен кеткен тұлғалармен байланысқа әрқашан дайын екендігін атап өтті.
Еске салайық, 2017 жылдың соңында Атамбаев Сооронбай Жээнбеков сайланғаннан кейін президенттіктен кетті.
Бұған дейін Қырғызстанның экс-президенті Мәскеуге Канттағы ресейлік әуе базасынан кеткені туралы хабарланған болатын.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді