Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғыз президенті сайлауының түпкілікті нәтижесі жарияланды

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы 15 қазанда өткен президент сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады.

Комиссия төрағасының орынбасары Абдыжапар Бекматов қорытынды хаттаманы оқып берді. Ол бойынша, Қырғызстан социал-демократиялық партиясының (ҚСДП) үміткері Сооронбай Жээнбеков 920 мың 620 дауыс (54,22 пайыз), өзін өзі ұсынған Омурбек Бабанов – 568 мың 680 дауыс (33,49 пайыз) жинаған, деп жазады Азаттық.

Үшінді орынды “Бутун Кыргызстан” партиясының төрағасы Адахан Мадумаров алды. ОСК мәліметі бойынша, Мадумаровқа сайлаушылардың 110 мың 284-і (6,57 пайыз) дауыс берген.

“Барлығына қарсы” дауыс берген сайлаушылар саны 12 мың 171-ні (0,73 пайыз) құраған.

Тағы да оқыңыз:

Қарағандыда ата-анасы сәбиінің балабақшада тас еденге басымен құлағанын видеодан көрген

Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұрудың жаңа түрі енгізілді

Талдықорғанда бала-бақша қызметкерлері мекемені әлдекімдердің дуалап тастағанын айтып даурықты

Талқылау