Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Визасыз режим Қытай азаматтарына Қазақстанда жұмыс істеуге құқық бермейді – Сыртқы істер министрлігі

Қытаймен визасыз режим туралы келісімге қол қою жоспарланып жатыр, ол екі тарап ратификациялау рәсімдерін аяқтағаннан кейін ғана күшіне енеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл турады сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. 

"Қытай азаматтары өткен жылдың жазынан бастап Қазақстанға 14 күнге дейінгі мерзімге визасыз кіре алады. Қазақстанға қытай туристері көп келіп жатқан жоқ. ҚХР азаматтары жаппай келіп жатыр деген қауесет негізсіз", - деп түсіндірді Смадияров.

Оның айтуынша, визасыз режим екіжақты болады, яғни Қазақстанның азаматтары да визасыз Қытайға туристік және іскерлік мақсатта бара алады.

"Бұрын Қытайға кіру үшін кезекте тұрып, консулдық алымды төлеу керек еді, ал визасыз режим енгізілгеннен кейін бұл қажет емес", - деп атап өтті спикер.

Қазақстан мен ҚХР азаматтары екі елдің аумағында визасыз шектеулі уақыт – 30 күнге дейін бола алады, деп толықтырды СІМ ресми өкілі.

Оның айтуынша ұзақ уақыт болу үшін визаны алдын-ала рәсімдеу қажет.

"Тағы да қайталаймын, визасыз режим тек туристік және іскерлік сапарларға ғана арналады, бірақ жұмыс істеуге құқық бермейді. Бұдан басқа, қазақстандықтардың ҚХР жүргізуші визасын алуы бойынша өзекті мәселе шешіледі", – деп атап өтті Смадияров.

Көші-қон режимін бұзған ҚХР азаматтары заңға сәйкес жазаланады, деп қосты СІМ ресми өкілі.

"Сіз тіпті көші-қон қызметі органдарынан өткен жылдың маусым айынан бастап екі аптаға визасыз кіруге рұқсат берілген ҚХР азаматтары арасындағы заң бұзушылықтар бойынша статистиканы біле аласыз. Менің ақпаратым бойынша, көші-қон режимі бұзылмаған", - деді Смадияров.

Қорытындылай келе, ол визасыз режим туристік ағымды арттыруға бағытталғанын айтты. Визасыз режимді енгізу экономикаға жағымды әсер етеді деп болжануда, өйткені туристерден қонақүйлерде, мейрамханаларда, көліктерде және мәдени ойын-сауық орындарына ақшалай пайда түседі.

Талқылау