Вирусолог маймыл шешегін жұқтырушылар санының өсуі қолдан жасалып отыр деп санайды
Фундаментальды трансляциялық медицина орталығының аса қауіпті инфекциялар зертханасының бастығы, вирусология профессоры Александр Чепурнов коронавирустық инфекцияның әлсіреуіне және фармацевтикалық компаниялардың пайдасын жоғалтуына байланысты олар маймыл шешегі ауруларының санын қолдан жасап отырған болуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ura.ru порталына сілтеме жасап.
Айтуынша инфекция қауіптілігін сезіндіру үшін олардың саны туралы ақпаратты көбейтіп беруі мүмкін. Осылайша БАҚ індет туралы тағы да айта бастайды, ал компаниялардың табысы қайтадан өсе бастайды.
"Маған оның бірден бірнеше жерде пайда болғаны және аурудың жүзден астам жағдайы тіркеліп үлгергені ұнамай тұр. Негізінде, мен одан ештеңе күтпеймін. Ауыр және қайғылы жағдайлар болады деп ойламаймын. Десе де, менде денсаулық сақтау мен бигфармалардағы еріккен шенеуніктер ауруды қолдан жасап отырған болуы мүмкін деген күдік бар. Олар үлкен табыс тауып үйреніп қалды, бірақ қазір коронавирустың азаюына байланысты олардың сауда айналымы құлдырап жатыр. Сондықтан компаниялар мұндай қитұрқылыққа баруға қуана келіседі деп ойлаймын ", – деді ғалым.
Маймыл шешегі Еуропада, АҚШ-та, Канадада және Австралияда таралды. Аурудың өршуіне байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) шұғыл көмекке жетекші сарапшылар тобын шақырған болатын.