Вирусолог коронавирустың алдын алу үшін қолды қандай сабынмен жуу керек екенін айтты
Коронавирустың алдын алу үшін қымбат және бактерияға қарсы сабын сатып алудың қажеті жоқ, бұл үшін қарапайым балалар сабынын қолданған жөн, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы биология ғылымдарының докторы, ММУ профессоры Алексей Аграновский айтты.
"Арнайы қасиеттері бар қымбат сабын сатып алу міндетті емес. Бұл ақша табудың тәсілі", - деді ол.
Вирусологтың айтуынша, бактерияға қарсы сабын зиянды әсер етіп, теріні құрғатуы мүмкін. Аграновский вирусты жою үшін кәдімгі балалар сабынын қолданған жөн екенін айтты.
Сондай-ақ, ол сұйық сабындар вирустар мен бактерияларды қатты сабынға қарағанда нашар жуатынын мәлімдеді.
Вирусолог судың температурасы туралы танымал мифтің шындыққа сәйкес келмейтінін айтты. Оның айтуынша, бұл бірінші кезекте адамға ыңғайлы болуы керек, өйткені бұл инфекциядан арылудың тиімділігіне әсер етпейді.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"